Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өзін желіде тілдеген азаматпен соттасуы мүмкін

Күні кеше Баян Мақсатқызы инстаграм парақшасы арқылы желіде өзін тілдегендермен соттасатынын мәлімдеген болатын. Алайда продюсер әлгі жазбаны бірнеше сағаттан соң өшіріп тастаған.

йфыцв

Фото: voxpopuli.kz, facebook.com/profile.php?id=100008146328998

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Арнат Әлімбетов есімді қолданушы желіде Баян Мақсатқызы туралы пікірін білдірді. Аталған жазбаның мазмұны келесідегідей. “Баян ешуақытта ақылдылығымен және байқағыштығымен көзге түскен емес. Мұндайда әдеттегі таңдау түйсігі мен ортақ бақыт сынды дүниелерді айтпай-ақ та қоюға болатын шығар! Ол бала күнінде көп жемеген, қорланған! Ортақ балаларының барына қарамастан көзіне шөп салғанды көтере алмаған, тәніне ауыр жарақат салған бір адамды түрмеге отырғызды. Оның қасиетті ешнәрсесі болмаған, болмайды да! Өзін арыстан сезініп жүрген әдеттегі сұр тышқан!

Адамдар, осы тектес әйелдерден сақтаныңдар! Бастапқыда олар өздеріне жақсы қырынан таныстырады. Шын мәнінде, олар осы уақытта өздерін бағалап, сүйетін жемтіктерін аулайды. Ол көзі тірісінде күйеуі мен балалаларын ойламай бірнеше адаммен опасыздық жасағанын мойындамай отыр. Қазір балалары оны жақтап тұр. Алайда өскен соң көзқарастары өзгереді. Егер, әрине, ойлау жүйелері аналарынан ерекше болса. Бәлкім сол кезде мұңаятын шығар. Бұл “Адамстар” отбасы туралы өте жағымсыз өсек сөздер тарап жатыр. Ал оның кіммен жүргеніне халықтың түкіргені бар…” – деп жазды Арнат Алимбетов.

жхз

Баян Есентаева осы жазбаның алғашқы бөлігін жариялап, өзінің пікірін білдірген болатын. Алайда продюсер белгісіз себептермен оны өшіріп тастаған. “Егер жазба иесі менің арымды қорлап, абыройым мен қызметтік беделіме кір келтірген мәлімдемелердің рас екенін дәлелдемесе,  ҚР МК 143-бабына сәйкес, мен сотқа шағымдана аламын. Құрметті Арнат, сіз мен сотта кездесетін адамдардың тізімінде бірінші орында тұрсыз. Бұдан кейін менің арым мен абыройыма нұқсан келтірген адаммен осылай жасаймын!” – деп жазды Баян Есентаева.

Продюсер бұл жазбаны өшіріп тастағандықтан, әзірге сотқа шағымданатыны-шағымданбайтыны белгісіз. Ал Арнат мырза өзінің жоғарыдағы жазбасының толық нұсқасын қайта-қайта бөлісіп жатыр. Жұрт әлгі жазбаға назар аудармаған сыңайлы. Себебі, ешбір лүпіл де басылмаған, пікір де жазылмаған.


Жіберіп алмаңыз:

Елге белгілі азамат Алтынай Жорабаеваға қасиетті Құран кітабын сыйға тартты (видео)

Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен заңды түрде ажырасқаны белгілі болды

Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінің құпиясын ашты

Роза Әлқожа жылқы қағып жол апатына түскен (фото)

Талқылау