Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өткен күндердің естелігімен бөлісті (фото)

Баян Есентаева өткен күндерін сағынып жүр. Балалық, жастық шақтағы суреттерін жиі жариялайтын болғандықтан, желідегі оқырмандар осындай байламға келді.

21042175_595463967510302_7732129232423223296_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын танымал продюсер телеарнаға алғаш қадам басқан кездегі суретін көрсетті. Желідегілер Баянның жастайынан сұлу болғанын айтып жатты. Араларында “өткен күндерді сағынып жүрсіз-ау, ескі суреттерді жиі саласыз” деп жазған оқырмандар да табылды.

20969056_111383762903170_5561233236656390144_n

Дәл осындай пікірлер Мақсатқызының шамына тисе керек-ті, ол аз уақыттан кейін желідегілердің пікірін түгел өшіріп тастады.

Ал бүгін танымал продюсер сәби күнгі суретін жариялады. Суретте Баянмен бірге, оның анасы және туған әпкесі бейнеленген. Продюсердің бұл суретті жариялауы тегін емес.

“Бүгін үлкен әпкем Бәтес Мақсатқызының туған күні. Сені жақсы көремін және бар жақсылықты тілеймін”, – деп жазды Баян.

Атап өтейік, Баянның туған әпкесі Бәтес Мақсатқызы Аша Матайдың анасы. Өз кезегінде Аша да сүйікті анасын туған күнімен құттықтауды ұмытпады.

батес баян турсен

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өзі киіп үлгермеген костюмін жанкүйеріне бере салды (видео)

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

Жұлдыз Өмірғали жүктілігін жасырмайтын болған

Айқынның ата-анасынан баз кешкен жастарға арнаған әні тыңдарманын жылатты (видео)

 

Талқылау