Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін
Үндістанда ем алып жүрген Баян Есентаева жан сырымен, ішкі ойымен бөлісті. «Өмірім екі кезеңге бөлінді» деп налыған продюсер терең ойда жүр.
«Өткен өмірімдегі өзімді есіме түсіргім келеді және жаңа Баянды таба алмай жүрмін. Өмірім дейін және кейін болып екіге қақ айырылды… Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Желі қолданушыларының басым бөлігі Есентаеваға қолдау білдіріп, ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді.
«Өлімнен басқаның бәрінен жол бар», «Сізді құшақтап, қасыңыздамын деп айтқым келеді. Қалай көмектесерімді білмеймін», «Біз сізді жақсы көреміз. Сіз қазақ өнеріне әлі көп қазына саласыз. Жақсы нәрселер ойлаңыз. Өте мықты жансыз», «Уақыт бәрін емдейді. Алла сабыр берсін», «Өмір тамаша, Баян. Еңсеңізді түсірмеңіз. Балалар үшін бәріне де шыдаймыз», – дейді олар.
Айта кетейік, продюсер толық медициналық тексерістен өту үшін құрбыларымен бірге Үндістанға аттанған еді. Ал бұл уақытта Қаскелеңде сот отырысы болуы керек еді. Алқа билердің толық жиналмауының кесірінен сот отырысы кейінге шегеріліп, артынан Талдықорғанға ауыстырылды.
Жіберіп алмаңыз:
«Өгей жүрек» телехикаясының кезекті бөлімінен кейін жұрт Есентаева туралы ойын өзгертті (фото)
Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады
Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді