Министр Абаев пен Ерлан Қарин Баян Есентаеваға қолдау көрсетті (видео)
Баян Есентаева “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтады. Кинокартина алдағы күзде көрерменмен қауышады. Атап өтетін жайт, аталған фильмді Мақсатқызы “Қазақстан” арнасының тапсырысы бойынша түсірді. Көпшілік бұл жағдайды телеарна басшылығына продюсердің құрбысы Динара Сәтжанның келуімен байланыстырады, деп жазады Stan.kz.
Алайда Сәтжан ғана емес, Есентаеваны қолдайтындар қатарында арнаның тікелей басшысы және ақпарат министрінің өзі де бар болып шықты. Оны Баян жариялаған мына бір жазбадан аңғардық.
“Министрдің немесе еліміздің басты арнасының басшысына кіру үшін сағаттап қабылдау бөлмесінде отыру міндетті емес. Бірақ бұл жағдай бірінші рет орын алып отырған шығар, бұл кісілер шығармашылық толқынысты бөлісіп, түсірілген материалды көру үшін және жай ғана маман ретінде мені қолдау үшін өздері келді. Иә, бұл таңғалдырарлық жағдай, алайда шындық. Жас, креативті әрі нағыз демократ жандар – ақпарат министрі Дәурен Абаев пен “Қазақстан” арнасы басшылығының төрағасы Ерлан Қарин”, – деп мақтанды Баян Мақсатқызы.
Танымал продюсер әдеттегідей аталған жазбасына пікір қалдыруды шектеп қойған.
Бұдан өзге, Мақсатқызы су жаңа фильм туралы сөз қозғады. Ол басты рөлді сомдаған актерлер туралы өзі жариялаған видеода айтып берді.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова бишілер тобын құрмақ
Қайрат Нұртастың келіншегі отбасындағы тойда ерекше көзге түсті (фото)
Қайраттың бөлесі қобызшы Ақерке ана атанғалы жүр (фото)