Баян Есентаева инстапарақшасын екі жылдан бері үзбей оқып жүрген оқушы қызбен кездесті
Ақтөбелік фанаттарымен кездескен Баян Есентаева Аяна есімді кішкентай талантты қыздың инстаграм желісіндегі парақшасына екі жыл бұрын жазылғанын айтты.
Баян Мақсатқызы оның шығармашылығына қызыға қарайтынын, әрі болашақта оған продюсерлік етуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Фанаттар арасында отырған Аяна Баян ханымға жолдаған хатында өзін «Қазақ аруы — 2026» байқауына алатын-алмайтынын білгісі келген. Үнемі тек инстаграм желісі арқылы оқып отыратынын айтқан Баян Мақсатқызы кішкентай талантпен кездескеніне қуанғанын жасырмады.
«Аяна, сен таланттысың. Сенің парақшаңа алғаш рет екі жыл бұрын жазылдым. Бірінші көргенімде таңғалдым. Өзі билейді, өзі ән салады, өзі керемет дизайнер, бірнеше тілді еркін меңгерген. Әдемі киім үлгілерін ұсынып келеді. Сен маған келетін болсаң, міндетті түрде қарамағыма аламын. Өйткені, сен дайын жобасың.Ата-анаң сені жақсылап тәрбиелеген. Балалық шақта еңбектенгенің көрініп тұр», — деді Баян Мақсатқызы.
Продюсер бала тәрбиесіне мән берген ата-ана өзінің болашағына капитал салғанмен бірдей деп атап өтті.
«Балаға «кет бар», «жоғал», «әрі тұр» десек, ол қорқып өседі. Аянаға қараңыздаршы, өзін көпшілік алдында еркін ұстайды. күле алады, ойын еркін жеткізе алады», — деді Баян Есентаева.
Өз кезегінде, Аяна продюсер мен оның қызына өз қолынан әзірлеген бұйымдарды тарту етті.
Тағы да оқыңыз:
Еркенің әнін орындаған Кішкенбаевтың қос қызы желідегілерді тәнті етті (видео)
Димаштың жанкүйерлері ортақ құжат қабылдады
Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?