Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Уақыты келгенде барлығын өзім айтып беремін

Баян Есентаева инстаграм желісі арқылы кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында өзі туралы жаңалықтардың қыздарына кері әсерін тигізіп жатқанын меңзеді. Мұнымен қатар, БАҚ өкілдерінен 10 маусым күні болған қанды оқиға туралы жаза бермеуді өтініп сұрады.

image

Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні болған оқиға барша Қазақстанды дүрсілкіндіргені рас. Туған-туысқандары мен достары Баян Есентаеваның денсаулығы үшін қатты алаңдады. Бүгінде ол әлі толықтай қалпына келіп үлгермегендігін жасырмайды. Мұнымен қатар, интернет беттерінде күн сайын өзі туралы шығатын жаңалықтар қыздарының психикалық денсаулығына белгілі бір дәрежеде кері әсерін тигізсе керек. Ол БАҚ өкілдерінен өзінің жеке өмірі туралы жаза бермеуді өтінді. Уақыты келгенде барлығын бүге-шүгесіне дейін айтып беруге уәде берді.

“Менің денсаулығым әзірге мәз емес. Менің балаларым бар, мұның барлығы олардың жанына тастай батады. Мен БАҚ-тан 10 маусым күні болған қайғылы оқиға туралы жаза бермеулерін өтініп сұраймын. Әр адамның жеке таңдауы мен жеке өмірі болады. Менің жеке өмірім халықтың аузында жүргелі қашан. Үнсіздігім – ол менің таңдауым. Уақыты келгенде барлығын өзім баяндап беремін. Осылай жасамасқа амалым жоқ сияқты”, – дейді Баян Есентаева.

Аталған жазбаға он минуттың ішінде 100-ге жуық пікір жазылды. Көпшілік продюсердің сөзінің жаны бар екенін айтып жатты. Олар да өз кезегінде жұрттан қайғылы оқиғаға қатысты алып-қашпа сөз таратпауды өтініп сұрады.

“Бәрінің өмірі сондай керемет емес! Түрлендіріп жаза бергенді қашан қояды екен осылар?! Баян, біз сізбен біргеміз! Алла жар болсын!”, “Әркімнің аузына қақпақ бола алмайсың деген осы шығар. Әр адам өзі қандай болса, жұртты дәл солай сынайды. Сіз туралы айтып жатқан болса, әлі де халыққа керек болғаныңыз. Мықты болыңыз!”, “Аман-есен ортамызға оралыңыз. Өзіңізге де, балаларыңызға да қамқор болыңыз. Алла сіздің қорғаныңыз болсын”, “Сөзбен айту басқа, ал өз басына түсіп, оны сезініп көру басқа. Не болса да, ойланып жазу керек. Баянның жүрегі балаларым деп соғады” дейді желі қолданушылары.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы отажасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.


Жіберіп алмаңыз:

Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты

Баян Есентаева: Өзіме келдім, жақында қайта қауышамыз (видео)

Алматыға оралған Баян Есентаева қала шенеуніктерін сынады (видео)

Қазақстанға оралған Баян Есентаева жүзін көрсетті

Талқылау