Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Өзіме келдім, жақында қайта қауышамыз (видео)

Баян Есентаева жақын арада шоу-бизнестегі қызметіне қайта оралатынын мәлімдеді.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Ең қиыны – өзіңді-өзің қолға алу. 1000 баспалдақ, Шымбұлаққа дейін жаяу көтерілу, табиғатпен тілдесу. Мен қалпыма келген сияқтымын. Жақында көрісеміз!» – деп жазды әйгілі продюсер өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, жуырда танымал продюсер Францияда ем қабылдап, елге қайта оралған еді.

Дәл қазір продюсердің қарамағындағы «Лашын» тобы «Үндеме» әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Сол сияқты жақын арада “ESENTAI PRODUCTION” орталығы ұсынған «Өгей жүрек» телехикаясы көрерменге жол тартады. Яғни, Есентаеваның өзі болмаса да, орталықтағылар оның орнын жоқтатпағанын көріп отырмыз.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

Талқылау