Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсті

Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсті. Арам ниеттілер продюсердің шетелде жүргенін пайдаланып, түнгі уақытта оның кеңсесіне ұрланып кірген. Бір қызығы, олар қымбат дүниелерге тиіспеген, тек продюсердің құжаттарын қолды қылған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Кеше түнде менің компаниямның кеңсесіне әлдебіреулер еніп алған. Бір қызығы, барлық аппаратура, компьютерлер мен костюмдер орнында, олар тек құжаттарды ұрлап әкеткен. Оған бола еш уайымдап отырған жоқпын, себебі мұны жасаған адамдар оның ішінен тек жақсы дүние табады. Көп уақыт жұмсап, мықты деген аудиторларды шақырып, қыруар қаржыны босқа шашуыңызға болады. Мен адалынан жұмыс істеймін! Сізді табу үшін барымды саламын. Ұрлыққа тапсырыс берген адам да ертелі-кеш анықталады. Негізі кім екенін шамамен біліп отырмын”, – деп бөлісті Баян Мақсатқызы.

Алагөзованың сөзіне қарағанда, ұрлық жасаған адам оның бақталасы болуы әбден мүмкін.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Айқын мен Жұлдыз ұлдарымен бірге Таиландта ұсталып қалды (видео)

Шетелдіктер Димашты въетнам, ал Қанат Исламды қытай деп ойлаған (видео)

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

 

 

Талқылау