Баян Алагөзованің кіші қызы Америкаға оқуға аттанбақ
Баян Алагөзованің кіші қызы Айару шетел асып, білімін шыңдамақ. Айару бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып жатыр. Американың Лос-Анджелес қаласына баруға ниетті.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарайды.
Айару Бақытбек бірнеше жылдан бері ағылшын тілін оқып, үйреніп жүр. Соңғы уақытта тереңдете білім алуда. Американың Лос-Анджелес қаласына аттанып, бизнес мамандығының қыр-сырын меңгермек ниетте.
"Айару 9-сыныптан соң шетелге кетпек болған. Бірақ мен рұқсат еткен жоқпын. 11-сыныптан соң барам деп дайындалып жүр. Бірақ әлемде не жағдай болып жатқаны бәріңізге аян. Көреміз енді, бұйырса барып қалар", - деді продюсер.
Айару бала күнінен-ақ ас үй шебері екенін жанкүйерлері біледі. Ол дәмі тіл үйірер тағамдар пісіріп, таңдай қақтырып келді. Алайда болашақ мамандығын бизнеспен ұштастырады. Бизнестік білімін жетілдіріп, кондитерлік орын ашуды ойластырып қойған.
Актер Асылбек Боранбайдың үлкен қызы жоғарғы оқу орнын тәмамдап, магистратураға тапсырған. Ал, кіші қызы жаңадан мектеп табалдырығын аттады.
"Үлкен қызым оқу орнын абыроймен аяқтап, енді магистратураға түсуге ниетті. Кіші қызым мектепке барды. Осының бәрі үлкен қуаныш, Аллаға шүкір деймін", - деді актер.
Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан Құдайберген де жаңа өмірге қадам басып, студент атанды. Ол Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдады.
"Қызым таңнан кешке дейін оқып дайындалды. Мұғалімдерінің біліміне сүйсіндік. Жақсы балл жинады. Физика-математика саласы бойынша білім алды. Әрі қарай оқуын жетілдіреді", - деді Қанат Айтбаев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
