Соңғы жаңалықтар

Жан Ахмадиев Баян Алагөзова жайлы: Темір қатын күйеуін түрмеге жауып, біреудің байын тартып алғанға мәз

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев тағы да атышулы мәлімдеме жасады. Қазіргі өнер адамдарынан бастап қарапайым қыздарға дейін теріс жолға түскенін айтты. Ажырасудың жеңіл тақырыпқа айналғанын айтып қынжылды. 

"Қазіргі қыздар өзгерді. Біреудің байын бала-шағасынан бөліп, тартып ала салу қалыпты жағдайға айналды ғой. Бір қарындасымның айтқаны есімде: "Мен тек үйленген жігіттермен ғана төсектес боламын, бойдақтарды мүлдем жолатпаймын" дейді. Неге деген сұраққа: "Әйелі бар еркектер таза болады, ал басы бостардың кіммен төсектес болып жүргенін бір құдай біледі" деп қояды. Ішімнен "еее тесікбас" дедім. Мойындау керек, бүгінгінің бойжеткендеріне бәрібір. Кезіндегі арулар үйленген жігіттерден мың жарыммен қашатын. Қазір тв болсын, әнші-пәншінің көбі өсіп келе жатқан қыздарымыздың ойын бұзуда", - деп жазды әнші.

Жан Ахмадиеев шоу-бизнестің ортасында жүрген Баян Алагөзова мен оның тобында өнер көрсеткен Ақбота мен Жұлдыз Өмірғалидің әрекетін сөкті. 



"ТЕМІР ҚАТЫН" да күйеуін түрмеге жауып, біреудің байын тартып алды. Ол былай тұрсын, өзінің "ШЕШю" тобындағы қыздары екі әншіні отбасынан айырып, интернетті шулатып жүр. Әзірге мәз-мейрам. Жүре берсін, кейін Алла жазаларын бере жатар. Бұны көрген кішкентай қарындастарымыз не істесін. "Еее ажырасу деген қалыпты жағдай екен ғой" деген қағида қалыптастырады", - деді ол.

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қолдаса, бірі өткен істі қазбалай беруді қажеті жоқ деп санайды. Әркім өз тағдыры үшін өзі жауап береді деген пікірде. 

"Біреу ажырасса таңғалмайтын болдық. Ертеде "байдан қайтып келді" десе ойбай құрсын деп шошушы едік. Ал еркектер ше, үйде жылулық көрмегендіктен далаға қашады. Қатындардан көңіл іздейді. Сөйтіп жүріп біреуге жолығады. Ол көңілдесі үйдегі әйелі бермеген тамағын жасайды, ваннаға шомылдырып, арқасын езіп береді. Мұндайды көрмеген аңқау еркек "мә мен қателікпен үйленіппін ғой. Нағыз махаббатым осы қыз екен" деп келіншегін 4 баласымен тастап кетіп жатады. Сөйтеді де, жыл өтпей өзгеріп шыға келген көңілдесінің басқа қырларын байқайды. Не анда жоқ не мында жоқ далада сасып қалады. Осы бізге керек пе еркектер...?", - деп жазды Ахмадиев желіде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр