AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Украинадаға соғыстың өзі біздің енжарлығымыз бен сауатсыздығымыздан туындады

Баян Мақсатқызы өз еліміздегі мәселелерге тоқталды. Әлем назары ауған Украинадағы келеңсіздіктер туралы ойын білдірді. Таза қоғам қалыптасу үшін әр саналы адам өзінен бастаса екен деген тілегін айтты. 

“Сіз де "саясат – лас нәрсе" деген сөзді жиі естідіңіз бе? Бәрі естіген шығар деп ойлаймын. Мен бұл сөзді бала кезімнен бері естіп келдім. Бірақ неге олай айтатынын түсінбеймін. Бүгінде ерінбегеннің бәрі саясаткер. Бәрі саясат туралы айтады; ас үйде, қоғамдық көлікте, кофеханада, тіпті менің кенже қызым бүгін телефонмен сөйлесіп отырып, Украинада болып жатқан оқиғалар туралы өз пікірін білдірді”, – деп жазды продюсер.

Ол елімізде болып келеңсіздіктер, проблемалар өзіміздің сауатсыздығымыздан туындайды деп атады.

“Айтайын дегенім, біз саясатты талқылап жүргенде қарапайым нәрселерді ұмытып кеткендейміз. Мемлекеттік бюджет қайда кетіп жатыр? Оны кім реттеп отыр, не үшін жаппай қызметке тағайындалушылар көп, не үшін салық төлейміз, мектеп немесе жол салу құны қанша тұрады? Иә, миллиондаған сұрақ бар. Бүкіл өміріміз де, оның кемшіліктері де, жалпы жемқорлық та, тіпті Украинадағы соғыс та, бәрі өзіміздің енжарлық пен сауатсыздығымыздың кесірінен екенін енді ғана түсіне бастадық”, – деді Алагөзова. 

Айтуынша, елдің әрбір азаматы қоғам мәселесіне алаңдауы керек. Сұрақ қойып, талап ете білу керек.

“Әрбіріміз еліміздің тыныс-тіршілігінен хабардар болып, араласуымыз керек. Әрбір шенеуніктен, депутаттан, әкімнен “Неге? Қанша?” деп сұрауға толық құқығымыз бар. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам қалыптасады, сонда ғана біз елді қалыптастырамыз. Қазір бұл өте алаңдатарлық дүние”, – деді ол.

Продюсер Украинадағы соғыс жайын баяндап, өз пікіін ортаға салды. Екі елдің бейбіт бітімге келуіне тілек білдірді. 

“Бәріміз Украинада болып жатқан сұмдықтың куәсі болдық. Бүкіл өркениетті елдің бәрі бір ауыздан агрессорға қарсы шықты. Қазір Ресей экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. 1 доллар 500 теңгеге жетті. Біз қаласақ та, қаламасақ та, енді бірігуіміз керек, енді ешқандай арандатушылыққа бой алдырмай, өз үйімізді, елдігімізді, егемендігімізді, тәуелсіздігімізді сақтауымыз керек. Ең бастысы, Қазақстан осы сұмдыққа араласып кете ме деп қорқамын. Ондай жағдай болмасын деп дұға етемін және қаңтар оқиғасынан кейін оның қаншалықты қиын екенін түсініп, президентіміздің дипломатиялық күшіне сенім артамын. Екі жақ келісімге келіп, ағайынды елдің соғысы тоқтаса екен деп тілеймін. Мен саясаткер емеспін, мен геосаясат туралы аз білемін, тек әлем тыныштығын қалаймын! Ал мен Украинаға жан-тәніммен жанашырмын, өз Отанын соншалықты жан аямай қорғаған ел азаматтарының ерлігіне тәнтімін. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін уақыт көрсетеді”, – деп жазды Баян ханым.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр