Бауыржан Байбек ақауы бар деп алдағы жөндеуге ұсынылған көшелердің суретін көрсетуді талап етті
Алматы қаласының әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әзірлеген жол жөндеу жоспарын сынға алды. Ол басқарма жетекшісіне жоспарлау әдістерін қайта қарауды тапсырды. Алматы әкімі бұл жөнінде қаланың барлық мердігерлік ұйымдарының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Алматыны «Халық үшін жайлы қала» қағидасы бойынша дамытып отырмыз. Сол үшін жұмыс жүргізу барсында кедергілерді барынша азайтып, уақытты үнемдеген жөн. Өткен жылы жол жөндеу, жылу трассаларын жаңарту, орталықты көркейту жайында ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Алайда жұмыс жүргізу барысында бірқатар кемшіліктер орын алғаны белгілі болды. Әсіресе тайм-менеджмент бойынша. 2018 жылға ұсынылған жоспарда кейбір мердігерлердің жөндейтін жолдары небәрі бес-ақ шақырым. Енді оны қараша айына дейін созудың қажеті қанша? Қыс келгенде тегіс тас жол кімге керек?», – деді Баыуржан Байбек кеңейтілген отырыста.
Қала басшысы мердігер асфальтты алып тастағаннан кейін жиектерді төңкеріп, тас төсеуді ұзаққа созатын ескі әдістен арылуды ескертті.
«Енді жұмысқа кіріспес бұрын жөндеуге ұсынылған ақауы бар деген әр көшеге акті жасап фотоальбом көрсетесіздер. Жұмысқа барынша кешенді түрде қарап, әрбір аспектіні ойланып барып жасау керек. Мердігер қай жерде арық науаларын, қоршауларды, қараусыз қалған бағаналарды, бетон конструкцияларды, керексіз желілерді ауыстыру керек екенін білуі керек. Сол кезде ғана бұл іспен бірнеше рет атқарылмайтын болады. Оның үстіне, бұрыннан бар жасыл желекті барынша сақтаған жөн», – деді Бауыржан Байбек.
Айта кетейік, 2018 жылы Алматыда 157 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелерінде қашықтығы 15,7 км болатын трамвай жолдарын бөлшектеу жоспарлануда.
Оқи отырыңыз:
21 жастағы егіз қазақ жігіттер ұшақ басқарып жүр
ОҚО-лық прокурор алған парасының жартысын қайтарып жатқан жерінен ұсталды
Пәтерін жыныстық қызмет көрсететіндерге жалға берген астаналық әйелге айыппұл салынды