Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерін жыныстық қызмет көрсететіндерге жалға берген астаналық әйелге айыппұл салынды

Пәтерін жыныстық қызмет көрсететіндерге жалға берген әйелге 240 мың 500 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Астана Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Пәтер  иесі Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйін жыныстық қызмет көрсететін үш қызға жалға берген.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бұйрығымен пәтерін жалға берген әйел 450 баптың 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Ол «Жезөкшелікпен айналысатындарды үй-жаймен қамтамасыз ету» бабы бойынша заң бұзғандықтан 3 ай мерзімге тоқтата тұру арқылы 100 АЕК (240 500 теңге)  мөлшерінде айыппұл төлейді»,- делінген хабарламада.

Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылық үшін 5 қылмыскер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан жалпы сомасы 1 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл өндірілген.

Оқи отырыңыз:

Шымкентке республикалық маңызы бар қаланың мәртебесі берілуі мүмкін

Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің алдында билеген қыздар жазаланатын болды

Ел ішінде қоныс аударатын бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет көмектесетін болды

Астанада мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар төлемі теңестірілді

Талқылау