Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бауырлар” туралы даулы видеодан кейін ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды

ҚР ІІМ-нің Қарағандыдағы академиясына Ақынқали Дәрменов жаңа басшы болып келді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

"Бауырлар" туралы даулы видеодан кейін ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды

40 жастағы Дәрменов – Қостанай облысының тумасы. Алматыдағы ІІМ заңгерлік институтының түлегі болып табылады. ҚР ІІМ адъюнктурасын тәмамдаған, заң білімдерінің кандидаты. 2008 жылы Германияда Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында оқыған. 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде білім алған.

«Ақынқали Дәрменов ғылыми-оқытушылық салада тәжірибеге ие, қызметін қатардағы  тергеушіден бастап, ҚР кадр саясаты департаментінің басшысы қызметіне дейін көтерілген. Бұған дейін академия басшысы қызметін атқарған полицияның генерал-майоры Кенжетаев ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды», – делінеді хабарламада.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде полицейдің киіміндегі ер адам Жаңа жылда «аға-бауыр» болып кеткен әріптестерін құттықтай отырып, оларға «біздің байланысымызды шөберелерің пайдалансын» деген тілек тілейді.

«Антибиотиктің сөзіне қосыламын. Біздің достығымыз риясыз болсын. Біз әрекеттерді жай ғана жасай салдық, себебі біз бауырмыз. Өрескел тілмен айтсақ- банда! Қазақстан және біздің отбасыларымыз өркендесін. Ура, жолдастар!»,- деді видеодағы ер адам.

Мұнан кейін видеоны түсірген академияның бірінші курсының басшысы Тастайбеков жұмысынан қуылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау