Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Біздің байланысымызды шөберелерің пайдалансын» деп видеоқұттықтау жолдаған полицей жұрттың жағасын ұстатты. ІІМ түсініктеме берді (видео)

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде полиция қызметкерінің қатысуымен түсірілген жанжалды видеоға қатысты түсініктеме берілді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Шөберелер біздің байланысымызды пайдалансын» деп видеоқұттықтау жолдаған полицей жұрттың жағасын ұстатты. ІІМ түсініктеме берді (видео)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәліметінше, желіде тарап, шу болған ведомстволық оқу мекемесі қызметкерінің әріптестерін құттықтап түсірген видеосы толығымен зерттелді.

«Бұл видеоны 2018 жылы 31 желтоқсанда ІІМ-нің Қарағанды академиясында бірінші курстың меңгерушісі түсірген. Қазір болған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша аталған қызметкер мен оның басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылады болады», – деп мәлімдеді ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде полицейдің киіміндегі ер адам Жаңа жылда «аға-бауыр» болып кеткен әріптестерін құттықтай отырып, оларға «біздің байланысымызды шөберелерің пайдалансын» деген тілек тілейді.

«Антибиотиктің сөзіне қосыламын. Біздің достығымыз риясыз болсын. Біз әрекеттерді жай ғана жасай салдық, себебі біз бауырмыз. Өрескел тілмен айтсақ- банда! Қазақстан және біздің отбасыларымыз өркендесін. Ура, жолдастар!»,- деді видеодағы ер адам.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау