Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауырдың 90 пайызына жайылған": Жамбыл облысында дәрігерлер науқастың ішінен 6 келілік қатерлі ісікті алып тастады

Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері науқастың ішінен салмағы 6 келі қатерлі ісікті алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/Науқас

Меркен ауданының 62 жастағы тұрғыны ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Науқас ішінің ісініп кеткенін және жүруі мен тыныс алуы қиындап кеткенін байқаған. Ол екпе алуға мәжбүр болып, вакцинация пунктіне барған. Сол жерден ол шұғыл дәрігердің тексерілуіне жіберілді. 

“Қатерлі ісік анықталып, оны алып тастау үшін дәрігерлер 5 сағат ота жасады. 35 сантиметрге дейін өскен ісік бауырдың 90%-ына жайылған. Дәрігерлер қатерлі ісікті заманауи қондырғылардың көмегімен алып тастады”, – деп жазды басылым.



Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ерлан Араповтың айтуынша, науқас сәл кешіккенде ота бұлай сәтті аяқталмайтын еді дейді. Айтуынша, қазір метастаздар жоқ. Науқас химиялық ем қабылдамайды. Тек аурудың алдын алу үшін таргет терапиясы жасалады.

Бұған дейін Маңғыстауда күйеуі пышақ жарақатын салған әйелдің қазіргі жағдайы туралы жазған едік.

Талқылау