Шымкентте кене шаққан ер адам қаза тапты
Шымкентте Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны кене шаққаннан конго-қырым геморрагиялық қызбасынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Ер адам ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Оны дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызды. Онда ол үш күн бойы қажет емді алған. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. Ол есін жимастан көз жұмды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір тағы бір науқас осы безгек ауруы бойынша күдікте тұр. Оған сынамалар жасалып, тексеріске жіберілген.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы (ККГЛ) — ауыр ағыммен сипатталатын қоздырғыштың берілу механизмі бар жедел вирустық инфекциялық аса қауіпті ауру. Бұл аурудың қауіптілігі сонша, өлім-жітім деңгейі 30-70% аралығында өте жоғары.
Еске салсақ, Қызылорда облысында ер адам кене шаққаннан кейін көз жұмған еді. Еліміздің өзге өңірлерінде де кенеден қайтыс болғандар бар.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"