"Жүктілігін сақтап қалдық": Маңғыстауда күйеуі пышақ жарақатын салған әйелдің жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер Маңғыстауда күйеуі пышақ жарақатын салған жүкті әйелдің жағдайы туралы баяндады. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, зардап шеккен әйел есін жиып, емделіп жатыр.
“Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілігін сақтап қалдық, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды. Емдеу шаралары жалғасып жатыр”, – деп хабарлады медицина мекемеcінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Маңғыстауда ер адам көпшіліктің көзінше әйелін пышақтаған еді. Соққы жасаған кезде әйел жүкті болған.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады