Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтың табынушылары наразылық білдіріп жатыр

Марқұм Батырхан Шүкеновке арналған концерттің бір билетінің бағасы  30 мың теңгеден басталады. Алматыдағы Республика сайайында болады деп жоспарланып жатқан ән кешінде ең арзан орынның  бағасы  15 мың теңгеден,-деп хабарлайды STAN.KZ

111

Әншінің өнерін бағалайтын  табынушылары  мұны ұйымдастырушылар “әдейі” жасап отыр деп түсінетіндерін айтқан.

-Біз бұл концерттен бір тиын алмаймыз. Бұл Батырдың достарының концерті. Иә, рас билет бағасы қымбаттау. Бірақ, сол үшін Батырдың жақындарын жамандаудың еш қажеті жоқ. Сіздерді концертке баруға ешкім күштемейді, – дейді  әнші Әли Оқапов.

Шүкеновтың табынушыларына ашуланған әншілер  концертті өздерінің ұйымдастырып отырмағанын айтып ақталған. Сондай-ақ, ән кешінен түскен қаржы әншінің атындағы қор мен Мақсұт есімді баспанасыз қалған   баласына берілетінін түсіндіруге тырысқан.

билет

Батырхан Шүкеновке арналған концерт “Батыр Lives”деп аталады. Қайырымдылық шарасы 8 желтоқсан күні  болмақшы. Ұйымдастырушы – Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор.

Кеште  Шүкеновтың әндерін Роза Рымбаева, Әлібек Дінішов,”Жетіген” тобы, Далер Назаров, Еркеш Шәкеев,”Мюзикола” тобы, Нұрлан Абдулин, «JCS» тобы, Руслан ТОхтахунов, Жанар Дұғалова, Дильназ Ахмадиева,Мақпал Исабекова,Рүстем Нұржігіт,Әли Оқапов, “Дервиши”, “МұзАрт” топтары  орындайтын болады.

Бүгінше билеттер тек сайт арқылы саудалануда. Ертеңнен бастап кассаларда сатылатын болады.

 

 

Талқылау