Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Батыс Қазақстанда ата-аналар әкімдіктің мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштараз ретінде жалға беріп қойғанына ашуланды

Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Новопавловка мектебінде жергілікті тұрғынның айтуынша, әкімдік мектептің дәретханаларын жауып, мұғалімдер кабинетінің бір бөлігін шаштараз ретінде жалға берген. Мектеп директоры мен ата-аналар бірлесіп, кабинеттің қайтарып алуға өтініш берсе де әкімдік рұқсат бермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Новопавловка ауылының тұрғыны жалпы білім беретін мектебінде әкімдік дәретханаларды жауып, мұғалімдер кабинетінің бірін шаштаразға жалға берді деп мәлімдеді.

"Құжатқа сәйкес бұл мектеп. Жарық пен жылудың бәрін білім бөлімі төлеп отыр. Алайда әкімдік иеленіп алған. Мектептегілер бала саны көп болғандықтан әкімдіктен өздерінің кабинетін сұрауға мәжбүр болып отыр. Осы бұрынғы дәретхана орнына әкімдік екі кабинет бөліп беріпті. Кабинетте "туалет" тұр. Бұл жерде мектепке даярлық сыныптары оқып жатыр. Кабинеттің иісі деген сұмдық. Ал келесі кабинетте жарық тұр, бұны әкімдіктегілер дәретхана ретінде пайдаланып жүр. Бұл әдейі істелінген. Бұдан қалды әкімдік мектептің бір бөлігін жалға беріп отыр. Шаштараздар тұр. Бұрын бұл мұғалімдер бөлмесі болыпты. Қазір әкімдікке, мүмкін, ақша жетпей отырған секілді...", – деп ашуланды әйел.

Әйелдің айтуынша, шаштарызды жалға беріп, дәретхана жақты бітеп тастаған.

"Түсінбей тұрғаным, әкімдік қалай мектептің ғимаратында кабинетті басқа нәрсеге жалға беріп отыр? Сонда мұнда террористтер кіріп жатыр ма, басқа біреулер кірді делік. Анау шаштараздың есігі ашық қалып, бір күні балалар абайсызда қайшымен ойнап қалуы мүмкін. Мүлдем қауіпсіздік шараларын көріп тұрған жоқпын. Мектеп директоры да, ата-аналарда әкімдікке бірнеше рет барып шағым түсірген. Алайда әкімдік рұқсат бермей қойған. Құжат бойынша бұл мектеп. Бұл коррупция емес пе?" – деді тұрғын.

Осы мәселеге қатысты Stan.kz Батыс Қазақстан облысы білім басқармасынан жағдайды анықтап көрді.

"Облыстық білім басқармасының басшысы биылғы жылғы 4 сәуір күні аталған Новопавлов орта мектебіне барды. Жағдайды көзбен көріп, мәселені жергілікті жерде қарастырды. Қазір білім беру ұйымының балансына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқушылар сыныптарға орналастырылып, оқу үдерісі қалыпты түрде жалғасып жатыр", – деп жауап берді білім басқармасы.

 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 13:33
Талқылау