Батыс Қазақстанда сотталып шыққан ер адам 6 жасар қызды ұрлап кетіп зорлады деп айыпталды
Фото: Іnstagram.com/typicaluralsk
Instagram әлеуметтік желісінде Батыс Қазақстан облысында бұрын істі болған ер адамның 6 жасар қызды ұрлап кетіп, зорлады деген ақпарат тарады. Деректерге сәйкес оқиға 22 тамыз күні Тасқала ауданы, Тасқала ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Typicaluralsk парақшасының дерегінше, күдікті жәбірленушінің отбасымен жақын таныс болған.
“Анасы қызымен үйіне қайтып бара жатқан. Жолдан танысын кезіктірген. Ол қызға балмұздақ алып беруді ұсынған. Ештеңеден күдіктенбеген әйел қызын ер адамға ертіп жіберген. Қыз бірнеше сағат бойы оралмаған соң, ата-анасы дабыл қағып, полицияға жүгінген. Баланың келесі күні 23 тамызда ер адаммен бірге ауыл маңындағы орман алқабынан тапқан. Ер адам қатты мас болған, жанында бөтелкелер жатқан. Қыз ес-түссіз күйде табылды. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді, мейіргерлер сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетілгенін және ауыр шок алғанын растады”, – деп жазды парақша.
Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталып, екі жыл бұрын түрмеден шыққаны туралы айтылды. Қазір ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Болған жағдайға қатысты Тасқала ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл бірнеше дерек айтты.
“Қыздың ата-анасы үйлерінде отбасылық шара өткізген, қонақтардың арасында күдікті де болған. Ол ата-анасының рұқсатымен қызды дүкенге тәтті алып беруге алып кеткен, бірақ қайтып келмеген. Түн жарымға қарай ата-анасы қызының жоғалып кеткенін айтып, 102 нөміріне хабарласқан. Кішкентай қызды түн бойы қараусыз қалған үйлер мен жыралардан іздеді. Тек келесі күні таңертең бала Элеватор шағын ауданынан табылды. Күдікті ұсталды”, – деді ауыл әкімі.
Алайда облыстық полиция департаментінде қыздың зорлық көргені туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа шығармады. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, 22 тамыз күні сағат 21:20-да Тасқала аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғыны қызының жоғалғаны туралы хабар түскен. Айтуынша, бала дүкенге оның танысымен кетіп, қайтып оралмаған.
“Дереу жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 тамызда 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін көрсетіп берді. Бала аман-есен ауыл шетінен табылды”, – деп түсіндірді ведомство.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полиция қылмыстық іс қандай баппен қозғалғаны және күдіктінің нақты қандай әрекеттерге барғаны туралы ақпарат бермеді.

Қазақстандық сүйіктісімен айырылысқан соң, сыйға тартқан макбугын қайтаруын талап етті: Заң бойынша оны қайтара ала ма?
