Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасы салымшыларды 769 миллион теңгеге алдаған

Қаржы мониторингі Батыс Қазақстан облысындағы инвестициялық ұйым атын жамылып, жұртты  алдаған "Chia Tai Pharmaceutical" компаниясының өкілдерін тергеуге алды. Бұл туралы  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: ашық дереккөз

Ресми мәліметке сәйкес, компания өкілдері өзін инвестициялық ұйым ретінде жарнамалап, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Кейіннен  жеке тұлғалардан ақша алып, қаржыны кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөліп беріп отырған.

"Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді агенттік өкілі.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының қызметіне тап болған азаматтардан тұрғылықты жердегі экономикалық тергеу департаментіне хабарласуын сұрайды. Сондай-ақ, азаматтар қаржыларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға және аса мұқият болуға шақырады. 

Талқылау