Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны қардан мешіт тұрғызды (видео)
Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” порталына сілтеме жасап.

Бұл Абай даңғылында орналасқан Орал мешітінің көшірмесі көрінеді.
Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасында қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Желі қолданушылары оның жұмысына тәнті болды. Қардан жасалған мешітке шебер жарық тартуды да ұмытпапты.
Қар мешіт 20 күнде бой көтерді. Ол үшін 3 тоннаға жуық қар қажет болды.
Өткен жылы талантты жігіт қардан көлік жасаған.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен