Батыс Қазақстан облысының әкімі бірінші орынбасарын жұмыстан босатты
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бірінші орынбасары Ержан Балтабаевты қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "МойГород" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің ақпаратынша, Ержан Балтаев "Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулер мен міндеттерді сақтамағаны үшін" жұмыстан қуылған. Бірақ нақты себебі хабарланбады.
Балтаев биыл қаңтар айында өз қызметіне кіріскен болатын. Ол құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп, автомобиль жолдары және көлік инфрақұрылымы мәселелерімен айналысқан.
Ержан Балтаев еңбек жолын Астанадағы жылжымайтын мүлік орталығында бастаған. Одан кейін жекеменшік компанияларды заңгер болып істеді. БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша ұлттық менеджер болды. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарды.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне дейін Астанадағы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі болды.
Айта кетсек, 24 шілдеде әлеуметтік желіде Балтаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ол мәліметте жоққа шығарды.