Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жинады

Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде үстіне теледидар құлап кеткен екі жасар қыз есін жинады. Бұл туралы аймақтың денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Оқиға Бәйтерек ауданы Переметное ауылында болған. 



Бастапқыда баланың жағдайы ауыр деп бағаланған. Педиатр мен хирургтың қарауынан кейін ауырсынуды басатын дәрі салынып, санитарлық авиация шақырылған. Кейін педиатрдың қадағалауымен реанимобильмен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. 

Қазір бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қыз ауруханада анасымен бірге жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы туған қыз баланың үстіне теледидар құлап кеткені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау