Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Тен: Мен кәріс ұлтынан шыққан қазақпын!

Қазақстандық спортшы Денис Тен өзінің инстаграмдағы парақшасында Бостондағы әлем чемпионатында болған жағдайды түсіндірді.

1

Фото: instagram.com/tenis_den/?hl=ru

Мәнерлеп сырғанаудан өткен Бостондағы әлем чемпионаты қазақстандық спортшы мен жапондық Юдузу Ханю арасында сәрсенбі күні таңертеңгілік жаттығу кезінде болған кикілжіңмен есте қалды. Олар бір-біріне соқтығысып қалған еді. Нәтижесінде Ханю Тен мұны әдейі жасады деп ойлады.

“Бостон. Мен қарбаласқа толы маусымнан демалу үшін компьютерімді аштым. Бағыма орай, ол аяқталып та қалды. Әлеуметтік желідегі “қоқыстың” ішінде менің жеке басыма қауіп төндіретін хаттар бар. Өзім танымайтын адамдар мені айыптап жатыр. Шын мәнінде не болғанын өзім де жетік түсінбей отырмын. Айта берудің де еш мәні қалмаған сияқты. AFP, Japan Today, Nikkan Sports, NBCSports, Xinhua, Kyodo News, Daily Mail сынды әлемдік деңгейдегі басылымдар болған келеңсіз оқиғаны біржақты етіп көрсеткен. Әзірге менің “санама кірген вирус” қорытылып, жарақаттарым емделіп жатыр, ал чемпионат өз мәресіне жетіп қалды”, – деп жазды Денис.

Спортшы бұдан өзге алып-қашпа тақырыптарда әңгіме құрғанды ұнатпайтынын айтты.

“Адамдардың қиялынан алып-қашпа сөздерге құрылған тақырыптарды талқылағанды ұнатпаймын. Мен тәрбиелі отбасында дүниеге келдім, мұндай мәселелерді бетпе-бет кездесіп қана шешкенді жөн көремін. Ары кетсе, сыпайылық ережелерінен аттап өтермін. Сондықтан көп талқыланып жатқан сұрақтарды назарға ала отырып менің берер жауабым: Иә, бұл жағдайдың мені сенделткені рас, бірақ іштей өзімді басқа нәрсеге сендіргім келген. Иә, мен кәрістен шыққан қазақпын. «Korea-Phobia» стиліндегі балағат сөздер менің ата-бабамады да, өзімді де қорлаған жоқ. Ал басқа айыптауларға менің берер жауабым біреу ғана – “жоқ”.

Бұдан кейін Денис Тен өзінің жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

“Бұл маусым қиындыққа толы болғандықтан, тек өзімді қолдаған жанкүйер тобымнан кешірім сұрағым келеді. Маған мәнерлеп сырғанау қиынға соғып жүр, бірақ бәрінен де жанкүйерлерімнің сенімін ақтай алмағаным жаныма батады. Мұнымен қатар, сіздердің де осы секілді негативті мазмұндағы хатты оқуларыңызға тура келгені өзіме де ұнамайды. Барлығын жуып-шаю үшін кезекті шоуыма шақырамын. Әрине, оны ұйымдастыруға қауқарым жетсе”, – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық спортшы Денис Теннің Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау