Қазақстандық спортшы Денис Тен Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді (видео)
Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді.

Фото: sk-sport.kz
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Қысқа бағдарламада өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық спортшы 78,55 балл жинап, 12 орынды иеленді. Мұндай нәтижені 151,58 балл жинап еркін бағдарламада да көрсеткен. Қорытынды балл – 230,3.
Испандық Хавьер Фернандес (314,93) 2016 жылғы әлем чемпионы атанды, екінші орында – жапондық Юдзуру Ханю (295,17), қола медаль қытайлық Боян Дзинге (270,99) бұйырды.
Атап өтсек, Қазақстан атынан әлемдік біріншілікте мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да бар. Ол қысқа бағдарламадан кейін 12-ші орынды иеленді. Еркін бағдарламада жарыс 3 сәуірде өтеді. Таңғы 4.50-де KazSport арнасы көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясының Денис Тенді жазалауды ойлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін