Бәстен ұтылған Шарапова тарақан жеді (видео)
Диана Шарапова бәстен ұтылып, өзі уәде еткендей тарақан жеді.
Фото: instagram.com/dianasharapova_official/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші Шарапованың отбасымен бірге Тайланд елінде демалып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Демалысының суреттерін жариялаймыз деп жұлдызды отбасы сын астында қалған-ды.
Енді міне әнші бәстен ұтылып, тарақан жеуге мәжбүр болды. Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына тарақандардың суретін жүктеп, аталған суретке 500-ден жоғары лүпіл қойылса, тарақан жеуге уәде еткен-ді.
Аз уақыт ішінде аталған суретке 500 емес, 1000-нан астам лүпіл қойылып үлгерген. Осыдан кейін әнші өз сөзінде тұрып, екі тарақан жеді.
“Желідегі достарымның сұрауы бойынша оларды жедім. Шегірткенің суретіне мен күткеннен де көп лүпіл қойылды. Уәдемді орындамасқа амалым болмады”, – дейді әнші.
Шарапова өзінің тарақан жеп отырған сәтін дәлел ретінде видеоға түсірген екен. Көпшілік оның әрекеті жиіркенішті болса да, өз сөзінде тұрғанына риза болды.
Жіберіп алмаңыз:
Диана Шарапова отбасымен Тайландта демалып жүр (фото, видео)
Шарапованың жолдасы әжетханада отырып түскен суретін жұртқа көрсетті (фото)
Шарапова All Davay тобынан 4 миллион теңге талап етуінің себебін түсіндірді
Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр (фото, видео)