Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басшылыққа арналған сыйақы: Ең ірі қазақстандық ұйымдардың топ-менеджерлеріне қанша төленді

Stan.kz журналистері ірі қазақстандық ұйымдардың басшылығы 2019 жылы қанша жалақы және сыйақы алғандарын анықтап көрген еді.

теңге

"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық компаниясы" АҚ. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымның 75% акциясының иесі. 

2019 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ұйымының басқарма мүшелері мен директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне салық пен басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда сомасы 1 116 243 134 (бір миллиард жүз он алты миллион екі жүз қырық үш мың бір жүз отыз төрт) теңге болатын сыйақы тағайындалған. 

2019 жылдың маусымында басқарма құрамы 7 адам болып бекітілді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның басқарма төрағасы - Ғалымжан Пирматов.  

Директорлар құрамына ұйым басшысы Ғалымжан Пирматовтан бөлек тағы 5 адам кіреді (олардың арасында Ұлыбритания және Аустралия азаматтары бар). 


"Қазақтелеком" АҚ акциясының 51%-ы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі 

2019 жылы ұйым басында отырғандардың сыйақы көлемі жайлы жылдық есепке сүйенсек, 1 040 277 000 (бір миллиард қырық миллион екі жүз жеті мың) теңгені құраған. 

Негізгі басқарушы қызметкерлерге берілетін өтемақы еңбек келісімінде бекітілген жалақыдан, сондай-ақ, бір жыл ішіндегі жұмыс нәтижелеріне негізделген сыйақыдан тұрады.

2019 жылы "Қазақтелеком" АҚ басқарма құрамына 9 адам кірген. Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев те компанияның директорлар кеңесінің құрамында бар. Одан басқа, басқармада тағы 8 директор көрсетілген (олардың төртеуі тәуелсіз директорлар, тағы екеуі Ресей және Ирландия азаматтары).

Қаржы есебіне сәйкес "Қазақтелеком" АҚ әрбір тәуелсіз директорына жылдық тұрақты сыйақы мөлшері мынадай болды:

  • Қазақстан Республикасының резиденті емес - 45 000 АҚШ доллары;
  • Қазақстан Республикасының резиденті - 16 650 000 теңге


"Қазақтелеком" ұйымы коммерциялық құпияны сылтау етіп, барлық  топ-менеджерлерге төленетін жалақы мен бонустардың нақты мөлшерін жайлы ақпарат беруден бас тартты. 

"Компанияда директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген "Қазақтелеком" АҚ коммерциялық құпиясы туралы ереже бар, соған сәйкес қызметтік жалақы схемалары, қызметкерлерді ынталандыру және сыйақы беру жүйесі, сондай-ақ компания бюджеті туралы ақпарат құпия болып табылатындығын және оны үшінші тұлғаларға ашуға, таратуға болмайтынын хабарлаймыз", - делінген тілшіміздің ресми сұратылымына жауап ретінде.


"Қазмұнайгаз" АҚ. Акционерлері - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры (90,42%) және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (9,58%).

"Қазмұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінде 2019 жылы 9 адам болыпты, оның қатарында басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 4 өкілі, 4 тәуелсіз директор бар.

"Қазмұнайгаз" АҚ-ның 2019 жылға арналған жылдық есебінде директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы мәліметтер жарияланған. Осылайша, тәуелсіз директор, директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Джон Уолтон жыл соңында 370 мыңнан долларға ие болса, ал "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мүдделерінің өкілі Ұзақбай Қарабалинге 47 мың доллар төленген. 

Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтан басқа, кеңес құрамына 9 адам кіреді. 

2019 жылдың аяғында "Қазмұнайгаз" мекемесінің басқарма мүшелеріне тағайындалған сыйақының жалпы мөлшері 565 558 538 теңгені құраған, бұған жалақының жалпы сомасы мен басқа да ақшалай төлемдердің барлық түрі кіреді.


"Қазтрансойл" АҚ. Ұйым акциясының 90%-ы "Қазмұнайгаз" АҚ меншігінде. 

2019 жылы "Қазтрансойлдың" басқарма құрамында бас директоры Димаш Досановты қосқанда 9 адам болған. 2019 жылы "Қазтрансойл" АҚ басқарма мүшелеріне жалпы сомасы 770 573 000  (жеті жүз жетпіс миллион бес жүз жетпіс үш мың) теңге сыйақы берілген.

Директорлар кеңесінің құрамына Димаш Досановтан басқа 5 адам кірген (оның үшеуі тәуелсіз директорлар).

Ұйымның тәуелсіз директорларына 2019 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша салықты қоса есептегенде төленген сыйақының жалпы сомасы 117 231 000 (жүз он жеті миллион екі жүз отыз бір мың) теңгені құраған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр