AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басшылық тарапынан қысым көрген": Ақсуда өзіне қол салған полицейдің туыстары президенттен көмек сұрады

Ақсуда асылған күйі табылған полицей Аспандияр Айтқазиннің туыстары оның өлер алдында видеоүндеу жазып кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

майор

Еске салсақ, полиция қызметкерінің мәйіті 5 шілдеде табылған еді. Ол Ақсу қаласының полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Алайда майор ресми құжаттарда ауылдық учаскелік инспектор деп көрсетіліпті. 

Марқұмның жақындары полицейді өлер алдында мәжбүрлеп лауазымын ауыстыру туралы рапорт жазғызған деген пікірде. 

"2021 жылдың басынан бері менің күйеуім Ақсу қаласының және Павлодар облысы полиция бөлімдерінің басшылықтары тарапынан қысым көріп келді. Осы істің тергеуін жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын", – деген марқұмның әйелі Мейрамгүл Айтқазин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Көз жұмған майордың туыстары оның өліміне кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп алаңдайды. Қара жамылған отбасының айтуынша тергеушілер полицейдің телефонын алып кеткен. 

Марқұмның жақыны Асемгүл Смағұлова оның телефонынан: “Егер мен бірнәрсеге ұшырасам, бұған жедел-криминалистикалық бөлімінің подполковнигі Қапаров Балғабайды кінәлауды сұраймын" деген видеосын көріп қалғанын айтады. 

"Бізге видеоның көшірмесін жасап алуға рұқсат бермеді, енді біз ол бейнежазбаны өшіріп тастайды ма деп қорқып отырмыз", – дейді ол. 

Полицейдің туыстары оның суицидке өз еркімен барғанына сенбейді. Ол үш баласын жетімсіретіп қалдырып кетуге дәті шыдамайды дейді. 

Айта кетсек, бұл Павлодар облысындағы полицейлердің өзіне қол жұмсауының үшінші жағдайы. Видеоға қатысты ПД пікір білдіруден бас тартқан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр