Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баскетболшы қоян әлемдік рекорд орнатты

Калифорнияда Бини есімді бес жасар үй қояны Гиннестің рекордтар кітабының соңғы басылымына шыққан ерекше хайуандардың бірі атанды.

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлады.

Ақылды жануар баскетбол ойнап, бір минутта шығырыққа 7 кішкене допты дөп салған. Бұндай жетістікке ғаламшардағы ешбір жануар әлі жетіп көрмеген. Қоянның иесі Шай Асор Бинидің жетістіктері оны қатты қуантқанын айтады.

“Бала кезімде жыл сайын Гиннестің рекордтар кітабының жаңа басылымын жібермей оқитынмын. Енді сол кітаптан менің де жануарымның орын алғаны қатты қуантып отыр”, – дейді америкалық азамат. Асордың сөзінше, Бини кішкене жасынан бері доп ойындарын қатты ұнатқан. Бұны байқаған калифорниялық оны жаттықтыра бастапты. Шай Асор қоянның мықты спортшы ғана емес, тіпті керемет суретші екенін және тарақты пайдалана білетіндігін де жасырмады.


Жіберіп алмаңыз:

Үңгірде үш күн түнеген жігіт өлмес үшін қабырғаны жалаған

37 жастағы ана балаларын асырау үшін қолтырауынды өлтірді

Алдымен тіркеуден өтіп барып кіруге болатын ерекше мешіт (фото)

Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)

Талқылау