"Басқаша гүлдей бастадым": Ерке Есмахан босанғаннан кейін қандай өзгеріс болғанын айтып берді
Белгілі әнші Ерке Есмахан жасарып жүрудің құпиясын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Эстарда жұлдызы өзінен 12 жас кіші жас әнші Райымға тұрмысқа шығып, қараша айында екінші ұлын дүниеге әкелген еді.
“Босанған соң шашың түседі, дымы қалмай” дейтін еді ғой. Менікі керісінше, тез өсіп, қалыңдап кетті. Тіпті тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым", – деп жазды әнші.
-
"Алтын әкеліп, әнұран шырқатсаң да жақпайсың": Ерке Есмахан халыққа ештеңе ұнамайтынын айтты
-
"Желкеңнен түсіріп алады": Ерке Есмахан дөрекі қарым-қатынас жасайтын тыңдармандарына ескерту жасады
Еске салайық, өнер иесі екі ұлдан кейін қызды болғысы келетінін жасырмаған еді.
“Екі ұлдан соң, құдайдан қыз тілеп жүрміз. Алланың бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы дені сау болсын. Ислам ембейді. Ол үлкен жігіт болды. Қарындасына жол берді", – деп жазған еді өнер иесі.
Бұған дейін, Ерке Есмахан күйеуімен қыз-жігіт болып жүрген кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты.