"Басқа қаладан пәтер, қонақ үй брондауда сақ болыңыз": ІІМ қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түріне байланысты ескерту жасады

Фото: freepik.com
Құқық қорғаушылар қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасады. Алаяқтар бұл жолы интернет-ресурстарда пәтер немесе қонақүй нөмірін брондаған кезде, пайдаланушыларға банк картасының деректерін жіберуді сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, танымал интернет-ресурстарда пәтер немесе қонақүй нөмірін брондаған кезде, пайдаланушыларға банк картасының деректерін жіберуді сұрайтын хабарламалар келеді. Бұл – карта мәліметтері жеке кабинетте тіркелгеніне және қосымша растауды қажет етпейтініне қарамастан орын алуда.
“Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды басқа қалаға немесе мемлекетке демалысқа не іссапарға жоспар құру кезінде барынша сақ болуға шақырады. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сайттың мекенжайын тексеріңіз”, – делінген хабарламада.
Одан бөлек, ведомсвто мына шараларды ұмытпауға шақырды:
- Банк картаңыздың деректерін тікелей чатта жібермеңіз.
- Күмәнді ұсыныстардан сақ болыңыз – тым арзан бағалар көбінесе алаяқтықтың белгісі.
- Пәтер немесе қонақүйді жалға алмас бұрын пікірлермен танысыңыз, жарияланған уақыты мен жарнаманың қанша уақыттан бері сайтта тұрғанын қарап шығыңыз – бірнеше жылдан бері жарнамаланған нысан сенімдірек болады.
- Толық алдын ала төлем талап етілетін жағдайлардан аулақ болуға тырысыңыз, төлемді тек нысанды өз көзіңізбен көріп, болғаннан кейін жасаған жөн;
- Күдікті хабарламалардан сақ болыңыз: мессенджерлерде, электрондық поштада немесе әлеуметтік желілерде келген сілтемелер жалған сайттарға апаруы мүмкін;
- Пәтерді немесе қонақүй нөмірін тек танымал, сенімді платформалар арқылы брондаңыз: сайт күмән тудырса, тексеріп алыңыз және тәуекел етпеңіз.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады