Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Басқа әйелге үйленіп алды»: Түркістан облысының тұрғын келіншегін алты баламен тастап кетті

Түркістан облысының тұрғыны Жұлдыз-ай Абсаттарованы алты баласымен күйеуі тастап кеткен. Айтуынша, Алматыға жұмыс істеуге кеткен ол басқа әйелмен көңіл қосып кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

әйел

Жұлдыз-айдың күйеуімен отасқанына он бір жыл болған. Қазір алты баласымен далада қалған ол көпшіліктен көмек сұрайды.

«Күйеуім Алматыға жұмысқа кеткен еді. Сол жақтан бір әйел тауып кетіп қалды. Әйелі екеуі маған балағат сөздер айтты. Одан кейін хабарласқан жоқпыз. Әйтпесе Алматыға көңілді болып кеткен. Балаларды мектепке беруге қаржым да жоқ. Содан екеуін ата-анама беріп қойдым. Солар көмектесіп жатыр», – дейді Жұлдыз-ай Абсаттарова.

Келіншектің айтуынша, бір баладан кейін күйеуі оған қол көтере бастаған. Тіпті ол үйінде жоқ кезде жезөкшелермен қыдырыпты.

«Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірдім. Жұмысқа шығармай қойды. Балаларымның әкесі болған соң құрметтедім. Жақсы көрдім. Асты-үстіне түсіп отырсақ та жақпаймыз әйтеуір. Алматыға кетпей тұрғанда мені бала-шағамен төркініме жіберді. Інім де Түркістанда тұрады. Бір затын алып кетпек болып мен жоқта үйге барған. Сөйтсе күйеуімді көшеде жүретін қызбен жатқан жерінен ұстап алған. Екеуін де інім ұрған. Күйеуім бір жағынан сол үшін де қашып тұр», – дейді келіншек. 

Қазіргі кезде алты баласын жалға бағып отырған ол қиналып жүргенін айтады. Екі баласының денсаулығында кінәрат бар екен. Біреуін мектептен шығарып жіберген. Ал қалғаны үкімет балабақшасында жатып оқитын көрінеді. 

«Балаларым апталап сол жерде жатады. Екі аптада барып тұрамын ба, өз жағдайыңызға қараңыз дейді. Екінші балам мен, кішкентайым ауру. Ұлымның қолына жара шығып, бас бармағына ота жасалды. Кішкентай ұлымның басы ісіп кететін. Қаншама рет емдеттім. Басында су бар деген. Кейде жүре алмай қалады. Интернатта оқитын. Ол жақтағылар «өліп қалса біз жауап бере алмаймыз» деп айтты. Маған дәрігерлер ештеңе демеді. Директор баламның үйде оқуына мүмкіндік жасаймыз деген», – дейді келіншек.

Жұлдыз-ай мұғалім мамандығын бітірген. Алайда күйеуі жұмысқа шығармапты. Күйеуі болса, құрылыс саласында жұмыс істеген. Бір баладан кейін күйеуі оған қол көтере бастаған. Тіпті ол үйінде жоқ кезде жезөкшелермен қыдырыпты.

«Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын бітірдім. Жұмысқа шығармай қойды. Балаларымның әкесі болған соң құрметтедім. Жақсы көрдім. Асты-үстіне түсіп отырсақ та жақпаймыз әйтеуір. Алматыға кетпей тұрғанда мені бала-шағамен төркініме жіберді. Інім де Түркістанда тұрады. Бір затын алып кетпек болып мен жоқта үйге барған. Сөйтсе күйеуімді көшеде жүретін қызбен жатқан жерінен ұстап алған. Екеуін де інім ұрған. Күйеуім бір жағынан сол үшін де қашып тұр», – дейді келіншек. 

Бағдарламаға келген Жұлдыз-айдың сіңлісі Айжан Әбсаттарова жездесінің көп қыдыратынын және әпкесін ұратынын айтады. Алайда енесінің көзі тірі кезінде олар ұрыс-керіссіз тұрған. 

«Әпшеме ешқандай кінә таға алмаймын. Күйеуі жүретін еді. Бір күні інім әпкемнің күйеуін үйінде жезөкшемен жатқан жерінен ұстап алған. Балалар ұйықтап жатыпты ол кезде. Күйеуінен таяқ жейді. Бірақ бізге айтпайды. Үйіне барып қалсаң, көзі көгереді. Басы ісіп кетеді. Әпкем өз-өзіне қарамайтын. Бойдақ кезінде оқу деп жүрді», – дейді сіңлісі.

Алайда Жұлдыз-айдың көршілері оның таңнан кешке дейін қыдырып кететінін айтады. Тіпті оған қайын атасы да өкпелі. Оның айтуынша, келіні босағаны аттағалы бері үйден береке қашыпты. Бағдарламаға келген қайын інісі болса, оның ондайы жоқ деп  жеңгесін қолдады.

«Мен Ақтауға жұмысқа кеткенде олар бірге тұрып жатқан. Бір айдан кейін әкем хабарласып, оның Алматыға кеткенін айтты. Оны сегіз ай көрмедім, сөйлеспедім. Бірақ біздің қарым-қатынасымыз жақсы еді. Алматыға кеткеннен хабарласпай кетті. Әкемнен ол ақша сұраған. Сол кезде бір айдан кейін келетінімді айттым. Алматыға адам жіберген едім. Бірақ әлі таба алмай жатыр. Менің бастығым 1 миллион беремін деген соң оған там соғып берейін дедім. Оның құмар ойын ойнайтынын білемін», – дейді қайын інісі. 

Ол жеңгесін алты баламен қаңғытып қоймауға сөз берді. Ендігіде өзі жұмыс істеп бағатынын айтты.


 

Талқылау