Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басында 50 мың болған": Айжан Нұрмағамбетова нанды қанша теңгеге алады

Айжан Нұрмағамбетова нанды қанша теңгеге алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay SHOW бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші нанның  бағасын білмей, күлкіге қарық болды. Бір нанды 50-60 мыңға аламын деген ол өзінің шатасып қалғанын байқамаған. Осылайша ерекше баға айтып, жұртты таңқалдырды ол.

"Қазір мені ұрса бастайсыздар. Басында 50 мың теңге тұратын, кейін қымбаттап 60 мың теңге болып кетті. Ой 60 теңге", - деді Айжан Нұрмағамбетова. 

Күнделікті азық-түлікке қанша ақша кететінін білмейтін әнші, қаражат мәселесімен күйеуі айналысатынын жеткізген. Ол тамақ жасамаған күні дүкеннен жейтін заттар ала салып, тамақтана беретінін айтып берді. 

"Мен азық-түлікке кететін ақшаны есептемеймін, қағазға жазбаймын. Егер менде шығармашылық күйзеліс болып, тамақ жасамайтын болсам, мен кулинарияның жанынан өтіп бара жатып, барын сатып аламын. Мен бағаға қарамаймын, бағасына күйеуім қарайды", - дейді Айжан Нұрмағамбетова. 

Талқылау