Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басынан жарақат алған баланы көшеде тастап кеткен: Полицейлер Алматыдағы фельдшердің әрекетінен қылмыс құрамын таппады

Алматыда басынан жарақат алған баланы көшеде тастап кеткен жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекетінен қылмыс құрамы анықталмады. Полиция осылай жәбірленуші жасөспірімнің анасына мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл ұйымның ешқайсысы тіпті жағдайды түсіне алмады. 12 қалалық аурухана видео жіберді, онда фельдшер ұлыммен бірге қабылдау бөлмесіне кіреді және 50 секінд өтпей, ресепшенге соқпай қайта шығады, яғни олар өтініш болмағандықтан жауапкершілік алмаған. 6 қосалқы станция жиналыста жағдайды талдайтынын айтты. .... барлығы, ешкім жауап бермейді", - деп жазды Facebook-те әйел.

Ол еңсесі түскенін, ұлын емдетуі керек екенін, елдегі жағдай өзгермейтінін атап өтті.

Сонымен қатар әйел қолдау көрсетген барлық адамдарға алғысын білдірді.

"Барлық құзырлы органдар бізге жағдайды бақылау үшін хабарласты. Енді менің ойымша, немқұрайдылық көрсеткен адамдар тиісті жазасын алады", - деді ол.

Еске салайық, 16 қаңтарда 14 жасар жасөспірім Алматыдағы Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағындағы мұз айдынында жүрген кезде құлап, басынан жарақат алған. Әйел баласының қасында болмаған.

Куәгерлер жасөспірімге жедел жәрдем шақырған.

Келген фельдшер алдымен ұлдарға жалған қоңырау шалғаны үшін айыппұл салатынын айтып қорқытқан. Бірақ кейін оларды алып кетіп, балалар ауруханысына емес, №12 қалалық ауруханаға апарған. Ондағылар баланы 15 жасқа толмағандықтан қабылдамамаған, ал фельдшер балалар ауруханасына баруға кеңес беріп, аурухананың ауласындағы көшеде қалдырып кеткен.

Талқылау