AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитар ревакцинацияға қатысты қаулыға қол қойды

 Қазақстанда кез келген адам коронавирусқа қарсы толық вакциналаудан екінші рет өте алады. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Негізгі талапқа сәйкес, соңғы вакцинациядан кейін, кем дегенде, 3 ай өтуі керек. Сол кезде коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын салдыруға рұқсат бар.

"КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі", –  делінген қаулыда.

Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта алу үшін екпе салдыратын адам немесе оның заңды өкілдері профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге жазбаша келісімін беруі керек.

Айта кетсек, бұған дейін ревакцинацияның толық курсы тек белгілі бір санаттарға ғана жасалған.

Олар:

шетелге шығатындар;

"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;

шетелдің жоғары оқу орындарына түскен студенттер;

шетелде ем алатын пациенттер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр