Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор: Ұрыларды базарға күзетшілердің өздері кіргізеді деп естідім

Бас прокурор Жақып Асанов заңдылықты, құқықтық тəртіпті жəне қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында базарлар мен дүкендерді күзететін күзет фирмаларының жұмысына күмəн келтірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

e8d8c134b0100cf9853cd706b78

“Қарапайым халықтан  базарлар мен үлкен дүкендерді күзететін күзет фирмалары  «жұмыс» істеп алсын деп ұрыларды белгілі бір уақытта ішке кіргізеді деп естідім.  Егер сол базарды, дүкенді күзететін күзет фирмасы ұрыларды ұстай алмаса, лицензиясын алайық. Неге олар өз аумағындағы қауіпсіздікке жауап бермейді?! Əрбір бесінші ұрлық үлкен базарларда, дүкендерде жасалады екен. Күзет фирмалары күзететін базарлар мен дүкендерге қатысты шараны күшейту керек», – деді Жақып Асанов.

Қазақстанда ұрлық фактілері барлық қылмыстың 60 пайызын құрайды. Соңғы бес жылда ұрлық салдарынан болғаншығын 70 млрд теңгеден асқан.

“Қазақстандағы қылмыстардың 64% пайызы ол –  ұрлық. Халықтың мазасын кетіріп отырған да  – ұрлық. Жылдан жылға көбейіп келеді. Халық құқық қорғау органдарына сенбейді. Өйткені, ұрлық фактілерінің 70 пайызы ашылмай қалған»,-деді үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Жақып Асанов.

Жіберіп алмаңыз:

Қария көзі көрмесе де таяғымен түртінектеп жүріп 40 жыл пошташы болған

Атыраулық бизнесмендер түрмеде кәсіп ашып, 90 сотталушыны жұмыспен қамтыды

БҚО-да заңсыз қызмет атқарған діни ұйым анықталды

Талқылау