Бас прокурор студент кезінде тауық қорада түнеген күндерін есіне алды
Ақтөбе жастарымен кездескен еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов жастық шақта басынан өткізген қызықты жағдайларды баяндап берді.
Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.
“Мен туған ауылымды он бес жыл бойы тауық өсірдім. Басында ол алтау ғана болған, кейін саны жүзге жетті. Ол кезде жүз тауықты сатсаң 3 мың рубль болатын еді”, – деді Жақып Асанов.
Бас прокурор өмірлік қиындықтарды қалай өткергенін, табысқа қалай жету керек деген ойымен де бөлісті.
“Менде студентпін. 80 жылдары ҚазҰУ-ға оқуға түстім. Жатақхана бұйырмағандықтан туысымның үйінде тұруға мәжбүр болдым. Онда да балконнан ғана орын бұйырды. Алғашқы түннен кейін-ақ ол жерге қайта оралмаймын деп шештім. Вокзал мен автовокзалда түнедім біраз уақыт. Сосын өзім сияқты жігіттермен бірге бір әжейдің сарайын жалдап тұрдық. Сарай деген аты болмаса ол бұрынғы тауық қора екен”, – дейді Асанов.
Ол осы тауық қораға келмеу үшін бар уақытын кітапханада өткізетін болған.
“Сабақ біткен кезде бәрі жылы үйлеріне қарай асығады. Ал біз екеуміз тауық қораға қайтқымыз келмейтін. Қала ішінде әрі-бері жүретінбіз. Сосын кітапханаға барайық дедім. Ол жер жылы әрі тамақ та қымбат емес. Бір жағынан ол жерде сұлу қыздар жүреді. Жақсы оқудың арқасында ұстаздарымның көзіне түсе бастадым. Ақыры бір күні бір мұғалім қайда тұрып жатқанымды сұрады. Мен баспанамыздың тауық қора екенін айттым. Ол осыдан соң деканмен сөйлесіп үшеумізге жатақханадан орын алып берді”, – деді ол.
Прокурор екі ұлын да қатаң тәрбиелеп өсірген. Жастары 15-ке келгеннен соң-ақ оларға бөлек тұруды ұсынған. Қазір екі ұлы да өз саласының үздіктері екен.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте полицейлер төбелесті бақылап тұрған
Ақтауда 6 жастағы бүлдіршінді зорлаған азаматтың есі дұрыс болып шықты
Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловтың үстінен полицияға шағым түсірді
Талдықорғанның тәртіп сақшылары өздерін мысқылдаған тұрғынмен соттаспайтын болды
10 жастағы қазақстандық төрт таңбалы сандарды миында көбейте алады