Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің жерлеу рәсіміне жәрдем беруді тапсырды

Қазақстанның бас прокуроры қайтыс болған әйелді жерлеу рәсімін өткізу үшін отбасына жәрдем беруді тапсырды.

783242

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген Майра Рысманованың әпкесі Дания Рысманованы қабылдап, Жамбыл облысына тексеру жіберуге бұйрық берді деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.  Бас прокурор жақын адамының қазасына байланысты Рысманованың әпкесіне көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін жәрдем беруге тапсырма берді.

“Ұлының заңсыз сотталуы туралы берген Рысманованың дәйектері облыстық полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған өзге жеті қылмысты тергеу барысында тексеріледі. Тергеу нәтижелері бойынша, Ахметовті ұрып соғып, зиян келтіргені үшін айыпталған облыстық ІІД қызметкері Жидешевті Тараз қалалық соты соттады”, — деді ведомствода.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Істің апелляциялық тәртіппен қаралуы 2016 жылы 20 желтоқсанға тағайындалды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы тұрғындарының ІІД қызметкерлері іс-әрекетіне түсірілген шағымдарының көбейіп кетуіне байланысты Бас прокурордың тапсырмасымен нақты қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдерді тексеру үшін көрсетілген облысқа баратын ведомствоаралық топ құрылды. Топты Бас прокурордың орынбасары Еңлік Кененбаев басқарады.

Еске сала кетсек, Майра Рысманова 6 желтоқсан күні түскі сағат 12 шамасында ҚР Бас прокуратурасының бақылау-өткізу бекетінің алдындаөз-өзіне от қойған еді. Оқыс оқиғадан соң ол бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейінірек оның тағдырына еліміздің Бас прокурорының өзі араша түсетінін айтқан болатын. Бүгін әйелдің қаза болғаны мәлім болды.

Талқылау