Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор қарамағындағыларға менеджмент туралы кітап оқуға кеңес берді

Прокуратура органында қызмет атқаратын қызмет атқарушылар әркез білімдерін жетілдіріп, менеджмент туралы кітаптар оқып, шешен сөйлеу шеберліктерін де арттыра түсуі тиіс. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді.

88095-preview-image

Фото: kazpravda.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Әрбір прокурор, әсіресе, жоғарылағысы келгендер заманауи менеджмент технологиясын білуі тиіс. Кітап оқыңдар, мәселен мынадай: “Жоғарғы әсер ете алатын адамдардың жеті қасиеті” деген Стивен Ковидің кітабы. Ұйықтар алдында және таңертең оқуға кеңес беремін. Бұл барлық прокурорларға қатысты. Сосын барып мен сіздердің басқа адамға айналатындарыңызға сенімдімін. Көптеген мәселеге басқа қырынан қарайтын боласыздар”, – деді ол.

Сонымен қатар, бас прокурор қарамағындағы қызметкерлеріне Радислав Гандапастың көптеген кітаптарымен де танысып шығуға кеңес берді. Мысал ретінде “шешенге арналған 100 кеңесті де” атап өтті. “Тек осылай ғана біз жоғарғы деңгейге көтеріле аламыз және барлығы бір тілде сөйлейтін болады. Менің тілімді түсінбейтін облыс прокурорларына бізге әңгімелесіп, түсінісудің қиынға соғатынын ескертемін”, – деді Асанов.

Ол сондай-ақ, қызметкерлерін шағым айтып келген адамдарға анық, нақты жауап беруге шақырды. “Әрбір шағым – бұл адамның жанайқайы. Олардың билікке деген сенімі жоғалмауы тиіс. Әрбір азамат біздің одақтасымыз болуы тиіс. Бәрі өзімізге тікелей байланысты. Біз долбарлап жауап беріп, жүрдім-бардым қараған соң, олар да бізді түсінбей бастайды. Тіпті білім алмаған адамның өзі бізді жеңіл түсінетін болуы керек”, – деді бас прокурор.

Басшы қызметке жаңа кадрларды алатын кезде де іріктейтін жаңа тәсіл енгізілетінін де айтып өтті.

“Қазір іріктеудің төрт құралын енгізіп жатырмыз. Енді үміткер өмірлік тәжірибесі туралы екі эссе жазады, ал басқасы берілген тақырып бойынша жұмыс істейді және психологиялық тест тапсырады”, – деді ол.

Бұған дейін Жақып Асанов қызметкерлері “екіге” және “беске” оқитындар деп екіге бөлетінін айтқан еді.

Талқылау