Бас прокуратураның арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кекселдің үстінен іс қозғалды – БАҚ
Фото: Informburo.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталғаннан кейін желіде бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы бастығы Олеся Кекселдің де үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кексель үй қамаққа алынған екен. Әзірге мемлекеттік органдардан ресми ақпарат жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол БТА банкінің бұрынғы қызметкерлерін азаптау ісіне қатысты. Яғни рұқсат етілмеген тергеу әдістерін пайдаланды деп айыпталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы шенеуніктеріне қатысты істе қатысы бар дейді.
Олеся Кексель 2018 жылы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшылары Талғат Татубаев пен Қайрат Қожамжаровтың командасының құрамында болды. Кексель аышулы істерді, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеуді қадағалады.
Еске салсақ, Антикордың экс-басшысы Талғат Татубаев ұсталған еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
