Бас прокуратура желіге бюллетеньдерінің фотосын жариялағандарға ескерту жасады

Фото: Stan.kz
Бас прокуратура Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша референдум күні анықталған заңбұзушылықтар туралы ескерту жасады.
Қадағалау органының мәліметінше, ұлттық референдум күні заң бұзғандар анықталып жатыр.
"Бүгін Қарағанды облысында бір азамат онлайн платформада заңсыз қоғамдық пікір сауалнамасы мен үгіт-насихат жүргізді. Кейін оларды өшіріп, кінәсін мойындады. Оған жеңілдетілген айыппұл салынды", – деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Бекжан Қараманов.
Оның айтуынша, прокуратура ұқсас жағдайларды тіркеп жатыр. Соның ішінде қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде бюллетеньдерінің фотосын жариялау жағдайлары да бар.
Қазақстанда дауыс беру құпия, сондықтан ешкімнің сіздің қалай дауыс бергеніңізді көруге құқығы жоқ.
Дауыс беру кабинасында бюллетеньді толтырғаннан кейін оны бүктеп, бюллетень жәшігіне апаруыңыз керек. Толтырылған бюллетеньді басқаларға көрсетуге, оны әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салынады.
Егер азамат өз дауысын көрсетсе, бұл әкімшілік жазаға тартылатын үгіт-насихат болып саналуы мүмкін. Бюллетеньді бүктеп, ешкімге көрсетпеген дұрыс.
Әйтпесе сізге 130 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?