Бас прокуратура Жамалиевтің VIP-камерасы туралы ақпараттан кейін іс қозғалғанын мәлімдеді
ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысындағы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан Қайрат Жамалиевтың ВИП камерада отырғандығы туралы БАҚ-та шыққан материалдарға қатысты пікір білдірді.
Сурет: radiotochka.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Время” газетінде жарияланған “Пивка для Зека” мақаласындағы Жамалиевтің айрықша жағдайда ұсталуы жөніндегі уәждер бойынша Алматы облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 31 тамызында оның жаза өтеу жағдайына ЛА-155/14 мекемесінде (жалпы режим, Заречный селосы Алматы облысы) тексеру жүргізілді. Тексеру жүргізу барысында Жамалиев карантин бөлімінде шаруашылық меңгерушісінің көмекшісі болып қызмет атқарып, жазасын өтеуде екені анықталды.
Жоғарыда аталған мақалада, сондай-ақ ағымдағы жылдың 31 тамызындағы “31” ТВ каналда Гудаускастың берген сұхбатындағы Жамалиев колонияда артықшылықтар пайдаланатындығы, ұялы телефоны бар екендігі және т.б. деректері тергеу амалдарын жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты облыстық прокуратурамен 1 қыркүйегінде ҚҚ-тің 361-бабының 2-тармағымен Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларымен лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық істің тергеуі тіркелді. Тергеу амалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның облыстық департаментіне тапсырылды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды”, – делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Атыраудың “103” қызметі қойлардың жедел жәрдем көлігімен тасымалдануына қатысты түсінік берді
Алматы облысында 8 баламен далада қалған ана “алаяқ” болып шықты
Талдықорғанда 70 такси халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр
Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
