Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудың “103” қызметі қойлардың жедел жәрдем көлігімен тасымалдануына қатысты түсінік берді

“103” қызметі қойлардың жедел жәрдемде тасымалдануына байланысты түсініктеме берді. Қалалық жедел жәрдем станциясы “Тұма” базарынан жануарларды тиеген “жедел жәрдем” көлігінің  оларға тиесілі еместігін жеткізді.

7skoraya

Бұл туралы “Мой город” басылымы хабарлайды.

“Біздің көліктеріміздің барлығы кеше шақыруларда болды. Олардың бір де бірі “Тұма” базарына барған емес. Оның үстіне реанимобильде біздің жедел жәрдем машиналарында болатын “103” белгісі жоқ. Бұл “жедел жәрдем” көлігі Атыраудағы көп жеке клиникалардың біріне тиесілі болуы мүмкін”, – деді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнафис Танбаева.

Аталған аймақ тұрғындары 31 тамыз күні “Тұма” базарының маңынан қой тиеген жедел жәрдем көлігін көріп қалған. Осы орайда олар қалалық жедел жәрдем станциясының үстінен шағымданған. Зарарсыздандырылған көлікте мал тасымалдаудың өзі барлық санитарлық ережелер мен талаптарды бұзатындығы анық.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 8 баламен далада қалған ана “алаяқ” болып шықты

Талдықорғанда 70 такси халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр

Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

Талқылау