Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура судьяны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тоқаевтың келісімін сұрады

Бас прокуратура судьяны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Тоқаевтың келісімін сұрады

Фото: astana.sud.kz

Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 873-бабына сәйкес мемлекет басшысының атына судья А.К. Досаеваны көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдаған. 

“Бұл ұсыным “Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі туралы” заңның 3-бабына сәйкес Жоғары сот кеңесінде қаралады”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Конституцияның 79-бабының 2-тармағына сәйкес, судьяны қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, Жоғары сот кеңесінің қорытындысы негізінде президенттің келісімінсіз әкімшілік жазаға тартуға немесе қылмыстық қудалауға болмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталғаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар сот жүйесіне алаңдаушылық білдіріп, Тоқаевқа хат жолдады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 09:04
Талқылау