Бас прокуратура Қазақстанда 3 млн га жайылымдық жердің заңсыз берілгенін анықтады
Үш жылдың ішінде прокурорлар 5 миллион гектар бос жатқан немесе заңсыз берілген жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Жер заңнамасын сақтау шаралары туралы ҚР Бас прокуратурасы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жайылымды жерлерді тиімді пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында. Соңғы 3 жылдың өзінде прокурорлар 18 млн га бос жатқан және 3 млн га заңсыз берілген жайылымдық жерлерді анықтап, оның 5 млн-ы мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 млн гектары айналымға енгізілген", - делінген мәлімдемеде.
Бас прокуратура жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ тұлғалар жердің жасанды тапшылығын туғызғанын көрсеткенін атап өтті.
Бұл санаулы диқандар мен ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлерді пайдалану мүмкіндігінен айырылып, ақырында олардың жойылып кетуіне әкеліп соғады.
- Елімізде 40 млн га жайылымдық жердің пайдаланусыз жатқаны рас па – Премьер-министр жауап берді
- "Жер бәріне жетпейді": Шенеуніктер ауыл тұрғындарына мал шаруашылығымен айналыспауға кеңес берді
- "Қолындағы төрт-түлігін сатуға мәжбүр": Солтүстік Қазақстан халқы мал жаятын жайылымдық жерге жарымай отыр
Сонымен қатар елімізде 15 миллион гектарға жуық көпшілікке арналған жайылымдық жердің жетіспейтіні анықталды. Жайылымдардың тапшылығы жеке шаруа қожалықтарының малдарын жаюда қиындықтар туғызады.
Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қосымша 5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.
"Жергілікті әкімдіктер мемлекеттік жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға берудің алдын алады", - деп түсіндірді Бас прокуратура.
Прокуратураның қадағалау актілеріне жайылымдық жерлерді берудегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін 520 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, олардың 42-сі мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін әрекеттер үшін.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
