Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға алып келуге болады

ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай қандай жағдайда жазасын елімізде өтей алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, Ақжарқын Тұрлыбайдан жазасын туған жерінде өтеу туралы өтініш түспеген. 

"Ақжарқының ісіне келсек, біздің мәліметімізге сәйкес, бүгінде оның үкімі заңды күшіне енді. Қытай Халық Республикасымен сотталған азаматтарымызды бір-бірімізге беру туралы екіжақты келісімшарт бар. Бірінші шарты – ол өзінің соттылығын Қазақстан Республикасында өтеуге ниетті екендігі туралы жазбаша өтініш беруі тиіс. Содан кейін ҚХР прокуратурасына қазақстандықты туған жеріне эстрадициялау мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді", - деді Ахметжанов. 

Сонымен қатар, ол Ақжарқын Тұрлыбайды елімізге әкелуге болатынын алға тартты. 

"Егер оның әрекеті осыған орай болса, онда меніңше, келісімшартқа сәйкес және барлық материлдар зерделенгеннен кейін оны Қазақстанда жазасын өтеу үшін экстрадциялауға толық мүмкіндік бар. Бірақ әзірше оның тарапынан бүгінге дейін бас прокуратураға өтініш түскен жоқ. Мұнан бөлек, қоғаушылары, ҚХР-дағы консульдығымыз, елшілігіміз бар. Осыған орай бізге ресми өтінім түсе салысымен осы бағыттағы жұмысты бастаймыз", - деп қосты бас прокурордың орынбасары. 

Айта кетейік, бұған дейін Қытай сот үкімін өзгеріссіз қалдырғанын Ақжарқынның адвокаты хабарлаған болатын

Талқылау