Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас ауруының сіз білмейтін 7 себебі

Адамдардың көпшілігі бас ауруына жиі шалдығады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау мекемесінің есебінше, ересектердің 50%-ының кем дегенде жылына бір рет басы сыздап ауырады. Ал бұл өз кезегінде адамдардың өз міндетін ойдағыдай атқаруына кедергі келтіреді.

526afdfd499a14fc6f152e59dd3657dd

Әдетте күйзелістің, ішімдіктің, суық тиюдің немесе ұйқысы бұзылған адамның басы ауырады. Алайда бас ауруының сіз білмейтін тағы бірнеше себебі бар болып шықты.

Иіс

Дәрігерлердің айтуынша, жағармай, темекі түтіні мен иіссу иісі бас ауруын туғызады. Бір қызығы, аты аталған заттардың әрқайсысы адамға әрқалай әсер етеді. Мәселен, кей адамдар үшін жағармай иісін бірнеше минут бойы иіскеу жеткілікті болса, ендігілер кемі жарты сағатқа шыдай алады. Ал үшінші адамға дәл осы иіс жағымды әсер қалдыруы мүмкін.

Гаджеттер

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, телефон немесе компьютер жарығының өзгеруі көздің ішкі торы мен жүйке жүйесін «іске қосады». Ал ол өз кезегінде басты ауыртуы мүмкін. Бұдан өзге, әр гаджеттен бөлінетін «көгілдір» түс адам ұйқысының сапасына әсер етеді. Бұл да бас аурудың себебіне айналуы мүмкін.

Құрғау

Адам ағзасына қажетті су мөлшері төмендеп кетсе де бас ауруына шалдығады екен. Егер басыңыз ауыра қалса, бірден дәріге жүгірмей, бір стақан су ішіп көріңіз.

Күрделі шаш үлгісі

Бас терісін тартып тұратын шаш үлгілерінің бассүйекке салмақ түсіретіні белгілі. Лондондық бас ауруы клиникасының зерттеушілері әйелдердің жартысының қатты тартылған шаш үлгісінің кесірінен бас ауруына шалдығатынын анықтады.

Кофеиннен бас тарту

Сіз кофені шамадан артық ішетініңізді түсініп, «антикофелік» диетаға отырдыңыз ба? Аяқ астынан кофеден бас тартқан соң алғашқы күндері сіз шаршаңқылық, енжарлық сезіп, көңіл-күйіңіз түседі, тіпті басыңыз ауырады.

«Кофеин қан-тамырлары жүйесіне физиологиялық тұрғыдан әсер етіп, тамырларды қысуы немесе керісінше босаңсытуы мүмкін. Бас ауруы осымен түсіндіреледі», – деп түсіндірді Нью-Йорктық невролог Миа Минен.

Мидың «қатып қалуы»

Суық тағам жегенде (балмұздақ) немесе мұздай сусын ішкенде не себепті адамның басының ауыратынын ғалымдар әлі күнге дейін түсіндіре алмай әлек. Жуырда Джонсон Хопкинс университетінің ғалымдары, температураға келгенде сезгіштік қабілеті жоғары жүйке жүйесінің салдарынан болуы мүмкін деген байламға келді.

Көк түскен ірімшік (және ұзақ уақыт бұрын өндірілген ірімшік)

Сондай-ақ, кейбір азық-түлік түрлері бас ауруын туғызуы мүмкін. Олардың ішінде өндірілгеніне біраз уақыт болған ірімшік, көк түскен ірімшік, шарап, салями, арқан балық және маринадталған қияр бар. Ғалымдардың пайымдауынша, аты аталған азықтардың құрамында сульфиттер болғандықтан, адамның басы ауырады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Сілекейдің жараны емдейтіні расталды

Маман: “Фервексті” алсаңыз, жылтыр орам мен жарнамаға ақша төлейсіз

Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Талқылау