Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Барселонаның" жастар командасы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Фото: Getty Images

“Барселонаның” жастар командасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Барселонаның" 19 жасқа дейінгі жастар командасы 2024/2025 маусымындағы УЕФА Жасөспірімдер лигасының жеңімпазы атанды. Финалда олар Түркияның "Трабзонспор" клубын 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Жарыстың шешуші кездесуі 28 сәуір күні Швейцарияның Ньон қаласында өтті.

Каталондық ұжымды бұрынғы футболшы Жулиано Беллетти жаттықтырады. Ойын барысында Ибрагим Диарра дубль авторы атанды, ал қалған голдарды Андрес Куэнка мен команданың капитаны Уго Альба соқты. Альбаның голы 57-минутта Ким Жуньенттің тамаша пасынан кейін тіркелді.

Бұл жеңіс — "Барселона" академиясы үшін УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы үшінші титул. Осылайша, клуб бұл турнирде ең көп жеңіске жеткендердің бірі — "Челсимен" теңесті.

Бұдан бөлек, команда биыл Испанияның жастар лигасы мен кубогын да жеңіп, тарихи "требл" жасап отыр. Қазір олар төртінші трофей — Чемпиондар кубогын жеңуге талпынып жатыр.

Бұл жетістік әйгілі "Ла Масия" академиясының әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Академия болашақта да кәсіби футболға жаңа жұлдыздарды дайындауды жалғастырмақ.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 12:52
Талқылау